Америка Құрама Штаттары мемлекеттік хатшысының Ресейге сапары аяқталды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауел (Colin Powell) бүгін Ресейдегі сапарын аяқтап, Болгарияға кетті. Ол Ресейдің Ехо Москвы радиосына берген сұхбатында,Президент Владимир Путинмен болған келіссөздері сәтті болды деп мәлімдеген. Ол Мәскеудегі сапары кезінде Ирақтың шетелдерге қарызы 100 миллиард мен 120 миллиард доллар арасында деп бағаланғанын айтқан. Коллин Пауел айтуынша, енді Ирақтың жаңа үкіметі қалыптасқанда олар барлық қарыздарын қайта қарап, сонда Ирақтың Мәскеуге берешегін де қарайтын болады. Ирақ Ресейге Сәует дәуірінен бері 16 миллиард доллар қарыз болған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей президентімен және сыртқы істер министрі Игорь Ивановпен кездесуінен кейін, Құрама Штаттар мен Ресей Ирақ санкцияларын алып тастау жөніндегі АҚШ тың БҰҰ на жасаған ұсынысы бойынша әлі бір мәмілеге келмегенін айтқан.