Вашингтон.ҚШ Сенаты бүгін НАТО ға мүшелікке Шығыс Еуропаның 7 елін қабылдау жөнінде дауыс бермек.

Бүгін ҚШ Сенаты Латвия, Литва, Эстония, Словения, Словакия, Болгария және Румынияны Солтүстік Атлантикалық Одаққа қабылдау жөнінде дауыс бермек.Егер, бұл 7 ел НАТО ға қабылданар болса онда НАТО мүшелерінің саны 26 ел болмақ.