«СолДат» газетінің бас редакторы қызметінен кететінін мәлімдеді

  • Гүлмира ХАМЗА
27 мамыр күні Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында «СолДат» газетінің бас редакторы Ермұрат Бәпи журналистермен кездесіп, қызметінен кететінін мәлімдеді.
«СолDAT» газетінің бас редакторы Ермұрат Бәпи газетінің жетекшілігінен кету туралы шешімін басылымға көрсетіліп жатқан қысыммен байланыстырды.

Ермұрат Бәпидің пікірінше, «СолДат» газетіне көрсетіліп отырған қазіргі қысымның бірнеше себептері болуі мүмкін. Бас редактордың қызметтен кету туралы шешімін Алматы қалалық жұмысшылар қозғалысының төрайымы Сахып Жаңабаева қолдамайтындығын білдірді.

«СолДат» газетінің бас редакторы Ермұрат Бәпи басылымның жетекшілігінен кетседе, өзінің саяси көзқарасын өзгертпейтінін және Республикалық халық партиясына мүше болып қала беретінін айтты.

Республикалық халық партиясының атқару комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Керімтаев «СолДат» газеті төңірегінде болып жатқан соңғы оқиғаны мемлекеттегі бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетіп отырған қысым деп бағалады.

Ермұрат Бәпи «СолДат» газеті жетекшілігінен кеткеннен кейін бұл қызметті басылымның тілшісі Бақыткүл Мәкімбай атқаратыны айтылып отыр.