ОБСЕ парламенттік ассамблеясы төрағасына ашық хат жазғандардың пікірі

Апта аралығында Алматыда өткен Трансазиялық парламенттік форумына қатысқан ЕЫХҰ ассамблеясының төрағасы Брюс Джорж мырзаға Қазақстан Демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі атынын ашық хат жолданған болатын.
Онда ірі елдердің парламенттерінің, Еуропарламентің, ОБСЕ-нің саяси көзқарастары үшін қуғындалып, істі болған Әкежан Қажыгелдиннің, саяси тұтқын болған Мұхтар Әбіләзов пен Ғалымжан Жақияновтың, соталып кеткен тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың , оппозициялық бағыттағы бірқатар тәуелсіз басылымдардың артына түскен сот орындарының әрекетіне орай олардың құқын қорғау бағытында жасап жатқан шаралары айтылған-ды. Алайда халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстан басшылығының әрекетін сынауға орай осы елдегі биік лауазымды шенеуніктер, билікке бағынышты кейбір партиялар мен депутаттар жағынан оппозиция өкілдеріне қысым көрсетіліп отырғандығы көрсетілген.

Қазақстанның ОБСЕ-дегі елшісі, президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің әрекеті ерекше назар аударуға тұрарлық. Әлиевтің бет-бейнесі Қазақстанда жете таныс. Оның республикадағы биік лауазымды қызметтері дау-дамаймен жалғасып отырды. Ал қазір ол елдегі оппозициялық басылымдармен күресуші ретінде атын шығарушы. Әлиев Алматы қаласында хауіпсіздік қызметінің жетекшісі болған тұста оппозиция лидерлеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасады.

Ол туралы кезінде «Время по» газетінде жазылды да, артынан сол басылым Әлиевтің сотқа беруімен жабылды. 2001 жылдың күзінде бірқатар ірі басылымдар арқылы Қазақстан президентіне елдегі бизнес саласының өкілдері тарапынан ашық хат жолданып, ұлттық хауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Рахат Әлиевтің кәсіпкерлерге қысым көрсетіліп жатқаны туралы айтылды. Президенттің күйеу баласына қарсы тұру салдарынан мемлекеттегі жас қайраткерлер депутаттар ірі бизнесмендер арасындағы жағдай ушығып, ақыр соңында үкіметте дағдарыс орын алды. Соның салдарынан үкіметтің бірқатар мүшелері қызметінен кетті, ал Әлиевке ерекше қарсы тұрғандары саяси тұтқынға айналды.

Барлық сот істері ірі лауазымды қызметтерде отырған Әлиевтің пайдасына шешіліп, бас шұлғыған соттар соның дегенімен жүруде. Президент күйеу баласының сотқа беруімен «Навигатор» интернет газеті ірі көлемде айып төлеуге мәжбүр болды. Ал қазір Әлиев тарапынан «Ассанди таймс» газетінің үстінен жаңа қылмыстық іс әзірленуде. Өйткені, журналистер Әлиев есімін 2001 жылдағы саяси дағдарыспен байланыстырған болатын, делінген ашық хатта.

Осыған байланысты Қазақстандағы саяси құқықтық жүйе қазіргі таңда билік басындағы сыбайлас жемқорлық, коррупциямен белсенді күресуге жол бермеуде. Біз Әлиевтің іс-әрекеті елші әрі дипломат ретінде қызмет атқаруына сай келмейтінін жариялы түрде мәлімдейміз. Сонымен қатар Әлиев тиісті мамандық алмастан әртүрлі биік лауазымды қызметтер атқарды, ал оның бұлай істеуге моральдық құқы жоқ. Әлиев президеннттің жақын туысы болғандықтан халықаралық аренада ол тек қазіргі режимнің саясатын жүзеге асырады. Осыған байланысты ашық хатта Қазақстан атынан ЕЫХҰ-ндағы өкілі ретінде қызметте отырған Әлиевке сенімсіздік артады деп көрсетілген-ді.

Осы хатты жазушылар Брюс Джорж мырзаға деген үндеулері аяқсыз қалмай, тиісті шешім қабылдануын сұрайды. Бұл туралы Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының мүшесі Жанат Есентаев және қоғамдық негізде құрылған халықтық мұнай қорының жетекшісі Шәміл Әбілтай мырзалар дүйсенбі күні Азаттық радиосына өз пікірлерін білдіріп, жазған хаттарының аяқсыз қалмауын тілейтіндіктерін айтты.