Маусымның 24 сі ы күні Алматыдағы Достық үйінде «Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі “атты халықаралық конференция өз жұмысын жалғастырды.
Бұл конференция маусымның 23- і күні басталған болатын. “Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі “атты бұл халықаралық конференцияны НАТО - ның халықаралық хатшылығы, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі, Сыртқы істер министрлігі және Сыртқы саясат, талдау орталығы бірлесіп өткізді. Конференцияға әлемнің 20 - дай елінен келген 50- ден астам өкілдер қатысып отыр. Бұл бас қосудың маңыздылығын ескерген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хат жолдапты.
НАТО ның халықаралық хатшылығынан келген өкілдер тобын НАТО одағының бас хатшысының саяси істер жөніндегі көмекшісі Гюнер Алтенбург басқарып келіпті.
24- ші маусым күнгі мәжіліс “Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесі, сырттан болар қандайбір қауіп қатерге бірлесіп жауап беру” деген атпен жүрілді. Бүл туралы негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылми қызметкері Талғат Лаумулин жасады.
Конференцияға қатысушы АҚШ –тың Қазақстандағы елшісі Лэрри Нэппер “ Орталық Азия елдерімен НАТО арасындағы тығыз қарым қатынас орталық азия аймағындағы қауіпсіздіктің жақсаруына әсер етеді, бұл өте маңызды мәселе “деді.