“Әділ сөз” атты сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қордың жетекшісі Тамара Қалиева, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң жобасына байланысты өз ойын білдірген.
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ұсынған “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң жобасы, қоғамымызда әр түрлі сыңайдағы пікір қайшылығын туғызып отырғаны белгілі. Аталмыш жобаны әзірлеушілер журналистердің, оппозицияның және құқық қорғаушылардың ұсыныстарын ескереміз дегенімен, ресми құжатқа көңілі толмайтындар аз емес.
“Новости недели” апталығының 25 маусым күнгі санында “Әділ сөз” атты сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қордың жетекшісі Тамара Қалиева осы жобаның әлсіз тұстарына тоқталып өткен.
Тамара Қалиеваның айтуынша, “Қоғамымызда демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің” отырысында бұл заң жобасының алғашқы үлгісі қабылданбай қойыпты. Кейіннен осы мәселеге орай Болат Әбілов жетекшілік ететін жұмысшы тобы құрылып, заң жобасын “Қоғамымызды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің”, парламент пен үкіметтің талқысына салу жоспарланған.
“Міне, осы уақытта вице-министр, Ардақ Досжан министрліктің жаңа заң жобасын әзірлеу үстінде екендігін және онда сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен оппозиция жасаған ұсыныстардың ескерілетіндігін мәлімдеген еді” дейді Тамара Қалиева.
Тамара Қалиева, аталмыш заң жобасының пайдасынан гөрі, зияны шаш-етектен болады деп пайымдайды. Оның себебін Тамара Қалиева былайша түсіндіріп өткен: “Егер де талқылау барысында, нысана ретінде осы жобаны қарастыратын болсақ, онда сөз бостандығына қысым көрсету үшін кезекті науқан басталады. Өйткені, аталмыш заң жобасында Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттеу, қадағалау және жазалау үшін шексіз құқық берілген. Алайда заң жобасының дайын үлгісінің қандай болатындығы әзірше белгісіз” деген Тамара Қалиева, мамыр айында өткен “Қоғамымызды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің” отырысында біздің қордың сарапшылары арнайы мәлімдеме де жасаған. Өзіміздің көзқарасымызді білдіріп, заң жобасына енгізуді ұсынған ескертулеріміз “Әділ сөз” қорының сайтында жариялағанбыз Мысал ретінде мынандай айғақ келтірейін: Қазақстан Республикасының Конституциясында сөз бостандығын өз мақсатында пайдаланудың жолдары анық көрсетілген баптар бар. Конституцияда ол баптардың санын әрі қарай көбейтудің қажеттілігінің жоқтығы да жазылған. Ал, жаңа құжатта шектеулер мен тиым салушылықтар көп.
Сонымен қатар жаңа құжат бойынша министрлік “сөз бостандығын өз мақсатында пайдаланып отыр” деген күдікпен, кез-келген басылымды тіркемей тастай алады. Аталмыш заң жобасында министрлікке кез-келген басылымға тіркеу куәлігін бермеуге немесе қайтып алуға байланысты шамадан тыс құқық берілген” деген Тамара Қалиева өз ойын былайша түйіндейді: “Өзінің халыққа арнаған кезекті жолдауында Қазақстан президенті, заңда Бұқаралық ақпарат құралдарын монополияландыруға шектеу қоятын ұстанымдар болуы керектігін тілге тиек еткен еді. Президенттің осы өтініші, жобада көрініс таппаған. Жұмысшы тобының өкілдері монополияны шектеу жөнінде өз ұсынысын жасаған болатын. Осыған орай жекеменшік иесіне, бір электрондық және басылымдық бұқаралық ақпарат құралынан артық берілмеу құқын енгізу керектігі жөнінде де айтылды.
Бірақ дауысқа салу барысында, “Қоғамымызды одан әрі демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің” отырысына қатысушылар президенттің Жолдауындағы ұсынысты ескерген жоқ. Қазір бұл заң жобасы туралы қоғамымызда тек теріс көзқарастар ғана қалыптасқан. Егер де оппозиция мен бұқаралық ақпарат құралдары оның қабылдануына қарсылығын білдірмегенде, ол парламент депутаттарының алдына түсіп, баяғыда қабылданып кетер еді” – деп, “Әділ сөз” атты халықаралық қоғамдық қордың жетекшісі Тамара Қалиева “Новости недели” апталығының 25 маусым күнгі санында Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ұсынып отырған жаңа заң жобасына байланысты өз көзқарасын білдірген.