Генетикалық жағынан өзгертілген азық-түлік импортына шектеу қою – ашаршылық қатері төнген Африка елдеріне кесір болып тиеді деген АҚШ президентінің пікірін Еуропа Одағы жоққа шығаруда.

БРЮССЕЛЬ: АҚШ президенті Джордж Буштың генетикалық жағынан өзгертілген бидайды өндіруге тыйым салу – ашаршылық қаупі төнген Африка елдеріне кесір болып тиеді деген пікірін Еуропа Одағы жоққа шығарды. Еуропа Комиссиясы Джордж Буштың таққан айыптары “шындыққа жатпайды” деп мәлімдеді. ЕуроОдақтың ресми өкілдерінің сөздеріне қарағанда, генетикалық жағынан өзгертілген азық-түлікке тыйым салу мен ЕурОдақтың Африка елдеріне жіберіп отырған көмегінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Әйтсе де, осы мәселе ЕуроОдақ пен АҚШ-тың Вашингтонда бүгін ашылатын жыл сайынғы бас қосуында талданады деп күтілуде. Өткен дүйсенбі күні АҚШ президенті Джордж Буш Еуропа Одағын АҚШ-та өндірілетін генетикалық өзгертілген азық-түліктің импортына қойылған шектеуді ашаршылық қатері төнген Африка елдері үшін жоюға шақырды.