Ричард Майерстің мәлімдеуінше, Ирақтан АҚШ әскерінің тең жартысына жуығы шығарылды.

БАҒДАД: АҚШ қорғаныс министрлігінің бірлескен штабтар бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы Ричард Майерстің мәлімдеуінше, Ирақтан АҚШ әскерінің тең жартысына жуығы шығарылды. Елде қалған 146 мыңдық әскердің басты мақсаты – жекелеген қарсылық көздерін жою болып табылады. Ирақтың оңтүстігіндегі Амара қаласының түбінде сейсенбі күні Ұлы Британияның 6 жауынгері қаза болып, 8-і жараланды. Британ өкіметінің өкілі хабарлағандай, жауынгерлерге тұтқиылдан шабуыл жасалды. Дәл сол күні, сондай-ақ, бағдадтан батысқа қарай орналасқан Рамади қаласында АҚШ әскерилерінің патрулі тоқтағысы келмеген бірнеше аутокөлікті оқтың астына алды. Атыс нәтижесінде 4 Ирақ азаматы мерт болып, 2 АҚШ жауынгері жарақат алды. Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ-тың әскери бөлімшесі гранат атқыштан атқыланды. Бірақ оқ атқан адамның өзі қаза болды.