АҚШ президенті Дж. Буш ЕуроОдақ елдері жетекшілерін “Хамас” сынды әсіре топтарды қаржыландырмауға шақыруда.

ВАШИНГТОН: АҚШ пен Еуропа елдерінің жетекшілері халықаралық терроризмге қарсы күресті қатаңдату қажет деп санайды. АҚШ пен Еуропа Одағының бас қосуы өтіп жатқан Вашингтонда ұйымдастырылған бірлескен баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Джордж Буш осындай мәлімдеме жасады. Иран төңірегіндегі проблемаға тоқтала келе Джордж Буш: Вашингтондағы бас қосуға қатысушылардың ортақ пікірінше, Иран - өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға және ядролық қару жасауға ұмтылмауға тиіс деп атап көрсетті. АҚШ президенті, сондай-ақ ЕуроОдақ елдерінің жетекшілерін палестиналық “Хамас” ұйымын қаржыландырмауға шақырды. Оның пікірінше, “Хамас” сынды басқа да топтарды жою керек.