Қазақстан Жазушылар одағында “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешін өткізу үрдіске айналды. Осы жыр кешін ұйымдастыруға ат салысып жүрген, жас ақын Жарас Сәрсек пен Батырболат Айтболатұлымен өткізілген әңгімеде, бүгінгі таңдағы поэзияның ахуалы туралы айтылады.
Мәртебелі поэзия – мәңгіліктің жемісі!
Қазақстан мемлекеті нарық экономикасына көшкеннен кейін, әдебиеттегі қағажу қалған жанрлардың бірі – поэзия. Бүгінгі таңда кезінде жиырма мың данамен шығатын ақындардың жыр жинақтары, мыңнан да аспайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да өлеңнен гөрі, қара мақаланың жолы өтімділеу болып тұр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін үстіміздегі жылдан бері, Қазақстан Жазушылар одағында “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешін өткізу үрдіске айналды. Біз осы жыр кешті ұйымдастыруға ат салысып жүрген жас ақын Жарас Сәрсек пен Батырболат Айтболатұлын әңгімеге тартқан едік.
Жарас Сәрсек, ақын.
Жазушылар одағында өткен поэзия кеңесінің бір отырысында, ақындармен ақылдаса келіп, жыр сүлейлерінің басын қосып, олардың өлеңдерін насихаттау мақсатында “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешін тұрақты өткізіп тұру туралы шешімге келдік. Нақты бағдарлама жасалды. Бағдарламаның негізінде, “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешін екі аптада бір өткізіп тұрсақ деген ұйғарымға тоқтадық.
Бүгінгі таңда, бұл жыр кеші тұрақты түрде өтіп жатыр. Ондағы мақсат өлең өлкесінде жүрген ақындарымыздың басын қосып отыру, пікірін тыңдау, жаңа жазған өлеңдерін талқыға салу. Жыр кешіне қатысуға ниет білдірген ақындар алдын-ала келіп, тізімделіп отырады. Алғашқы кезде біз, ақындарға тек бір өлең ғана оқытқызсақ па деген едік, кейіннен ақылдаса келе екі, сосын үш өлең оқытқызатын болдық.
Бұл жыр кешіне, тек Алматыдағы ғана емес, облыста тұратын ақындар да келіп қатысып жатыр. Арнайы Астанадан, Маңғыстаудан ақындар келіп “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешінде өлеңдерін оқыды. Өткенде бір ақын жігіт Ақтөбеден телефон шалып, “жыр кешіне жазбаша түрде қатысуыма болады ма?” деген, өтінішін білдірді. Осыған қарағанда, жыр кеші - поэзияға ынтазар адамдардың сұранысын туғызып, жастардың өлең жазуына түрткі болып жатыр деп ойлаймын. Талдықорғаннан телефон шалып, “бізге келіп, жыр кешін өткізіп беріңдерші” деген өтініш жасалды.
Алғашқы кештен бастап біз, жыр сүйер қауымға танылып қалған жас ақындардың тұсауын кесуді дәстүрге айналдырдық. Екі жас ақынның тұсауы кесілді. Дегенмен әр жыр кешін өткізген сайын, ақындардың тұсауын кесе беру тағы да артықшылық. Бірақ біз, өлеңдері жақсы, болашағы зор үміт күттіретін ақындарды өзіміз іздеп жүреміз. Тұсаукесер рәсімінде белгілі ақындарымыз олардың өлеңдері туралы өз пікірін айтады. Осыған қарағанда “Мәртебелі поэзия” көптеген жас ақындардың атын әйгілеуге тиіс.
Болашақта “Мәртебелі поэзияға” қатысқан, жыр сүлейлерінің жүйріктеріне сый-сияпат жасасақ деген жоспарда бар. Ең үлкен жаңалық осы “Мәртебелі поэзия” кешінде оқылған өлеңдердің бәрі де жылдың аяғында кітап болып шығады. Оған демеушілік жасауға ниет білдіріп отырған - “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов деген азамат. Егер жомарт жүректі азаматтар табылып жатса, келесі жылы да осындай жинақ шығару жоспарда бар.
Өз басым поэзияның құны түсіп бара жатыр дегенге келіспеймін. Поэзияға сұраныс жоқ кезде, міндетті түрде осындай әңгімелер туады. Ақыл таразысына салатын болсақ, кез-келген қазақ өлең оқиды. Өйткені оның өлеңге деген рухани сұранысы күшті.
“Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда ондай әңгімелер туа береді. Өлеңге деген халықтың махаббаты мәңгі сөнбейді, Өлеңнің құнын түсіріп жүрген, әр жерде бір айтылатын жекелеген пікірлер ғана.
Батырболат Айтболатұлы, ақын.
“Мәртебелі поэзия” өнер сүйер қауымның арасынан қолдау тапқан үлкен бастама болды. “ Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен мезгілде, “Мәртебелі поэзия” үлкен бір зәруліктен туған игілікті шара. Жастардың қазіргі ортасы бұрынғыдай емес. Кең қолтық заманда ақын ағаларамыздың жиі-жиі бас қосып, пікірін айтып, өлеңдерін оқып жүргендерін талай естиміз. Мынандай қиын уақытта, әсіресе, жас ақындардың, жетімсірегендей күй кешіп жүргені, ешкімге жасырын емес. “Мәртебелі поэзия” менің ойымша осы олқылықтың орнын толтыруға септігін тигізді.
Менің ойымша “Мәртебелі поэзия” секілді жыр кешін тек Алматыда ғана емес, облыстарда да өткізіп тұрған абзал.
Әсіресе, “Мәртебелі поэзия” атты жыр кешінде оқыған Танакөз Толқынқызының өлеңдері көңіліме қатты әсер етті. Маған Танакөз басқа бір өріс ашқандай, басқа бір қырынан танылғандай болып көрінді. Осы кешке біз білмейтін жас ақындар да келіп қатысып жатыр екен. Биік мәдениетке жеткен адам үшін ешқашан да поэзияның құны түсуі мүмкін емес. Сөз соңында, соңғы жазған бір өлеңімді оқып берсем.
Біздің қара өлең Шаңқан бозға, жарасып қара терлік, Шауып келем атымды қара тер қып. Шығар ма екен, аймаңдай, шықпас па екен? Не де болса ақбозат бара көрдік.
Қызды ауылға, қазірше маған бөтен. Жат та болсам, жақсы атым тарар ма екен? Көше жаққа қараған терезеден, Қанттай еріп, қара қыз қарар ма екен.
Ақбозымның тер жауып тұла бойын, Боза ішкендей балқиды бұла бойым. Суға шыққан шелек ап, қалқатай қыз, Демалған боп кідірді бұра мойын.
Қыз ауылынан, мақтаулы ер бос кеткен бе? Құрақ ұшып, тасталды бөстектерге. Ақбөкеннің таңындай, таң саз бере, Айхайхайлап аттандық “Естек” көлге.
Тарттық елге, қыр жақтың құйғыт бозы, Мен білгенде сен едің жүйрік соңы. Арманың не? Кекілің тараған соң.. Аймақтағы арудың сүйрік қолы.