НАТО Одағы Косово аймағындағы қауіпсіздік пен демократияның орнығуын қамтамасыз етуге дайындығын көрсетуді көздейді – Дж.Робертсон.

ПРИШТИНА: Косовоның астанасына НАТО әскери Одағының бас хатшысы лорд Джордж Робертсон бастаған делегация келіп табан тіреді. Оның сөзіне қарағанда, сапардың басты мақсаты – осы аймақтағы қауіпсіздікті және демократияның орнығуын НАТО-ның қамтамасыз етуге дайын екенін көрсету болып табылады. 1999-ыншы жылдан бері қарай Косово аймағы - БҰҰ-ының уақытша әкімшілігінің басқаруына қарайды. Ол жерде қазір 25 мыңдық халықаралық бітімгершілік күштері, негізінен НАТО жауынгерлері шоғырландырылған.