Қытай-Қазақстан шекарасы ашылды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Қытай Халық Республикасында қатерлі өкпе қабынуы бойынша ахуалдың қалыпты жағдайға түсуіне байланысты Қазақстан Үкіметі осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қытай Халық Республикасымен арадағы шекараны ашу туралы шешім қабылдады
Қытай Халық Республикасында қатерлі өкпе қабынуы бойынша ахуалдың қалыпты жағдайға түсуіне байланысты Қазақстан Үкіметі осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қытай Халық Республикасымен арадағы шекараны ашу туралы шешім қабылдады.

Маусымның 26-сы күні Премьер-министрі Даниал Ахметов, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны ашу туралы осындай қаулыға қол қойды.

Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ шілденің бірінен бастап, Қытаймен әуе, темір жол және көлік қатынастары жаңарады. Қазақстандықтардың Қытай халық Республикасымен және басқа да елдермен туристік сапармен барыс-келістері де жаңартылады.

Үкімет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Көлік және коммуникация министрлігіне, Туризм және спорт агенттігіне тиісті тапсырмалар берілген.

Естеріңізге сала кетсек, қатерлі өкпе қабынуы ауруының алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мамырдың жетісі күні уақытша жабылған болатын.