Футболдан Камерун құрамасының қорғаушысы 28 жасар Марк Вивьен Фоэ кеше, матч кезінде ойын алаңында қайтыс болды.Бұл қайғылы оқиға Францияның Лион қаласында өтіп жатқан Камерун мен Колумбия командалары арасындағы халықаралық турнирдің жартылай финалы аяқталып қалған кезде болған.Aяқ астынан футболистің жүрегі тоқтап қалған,дәрігерлер оған еш көмек көрсете алмады.Камерун командасы бұл ойында 1-0 есебімен жеңіске жетті.Халықаралық футбол федерациясының жетекшісі Иозеф Блаттер бұл қайғылы оқиғаға қарамастан, Камерун құрамасы жексенбі күні болатын турнирдің мәрелік жарысына қатысады деп үміт білдірді.