Йеменде террористік топ талқандалды.

Дубай. Йеменде Абьян Әденнің исламдық әскері деген атаумен белгілі өте үлкен террористік топ тас -талқан етілді. Йеменнен бүгін хабарланғандай,бірнеше күнге созылған әскери операция барысында Хаттат таулы аймағында террористердің басшысы болғанАхмед Абдел Наби өлтірілген.Және топтың тағы 9 экстремисі қаза тауып, бірнешеуі тұтқынға алынды. Олардың нақты саны әлі белгісіз.Қалған террористер тауда тығылып қалған.Террористердің базасынан көптеген аудио таспалар мен Әл-қаиданың негізін қалаушылардың бірі шейх Абдолла Аззам мен топтың жетекшісі Осама бен Ладеннің діни уағыз жүргізген видео жазбалары табылған.Онда көптеген жарылғыш заттар мен қару жарақтар, ауғанның ұлттық киімдері де болған.