Үстіміздегі жылдың соңына қарай Қазақстанда “Жер кодексінен” бір кем емес талас-тартыс туғызуы мүмкін тағы бір заңның қабылданатыны күмән тудырмайды.
“Жер кодексі” сияқты, ол заң жобасын қарап қабылдауға мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзі мүдде білдіруде. Ол заңды шұғыл түрде қабылдаудың қажеті қанша? Аталмыш заңды қабылдатуға ресми билік неге асығады?
Қазақстанда “Жер кодексінен” бір кем емес талас-тартыс туғызуы әбден мүмкін тағы бір заң жобасы пайда болды. Ол – заңсыз қолданымдағы дүние-мүлікті ресми тіркеуге байланысты қайырымдылық жасау туралы заң жобасы. Арам қаржы-қаражатты заңдастыру жөніндегі 2001-інші жылғы заңға да, И.Тасмағамбетов бастаған республика үкіметінің түбіне жетіп қабылданған “Жер кодексіне” де, енді міне онша заңды емес әрекеттердің нәтижесінде жиналған дүние-мүлікті заңдастыруды көздейтін соңғы заң жобасына да мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзі бастамашы болып, мүдделік танытуда. “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігі Саяси Кеңесінің қазіргі төрағасы, әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Т.Тоқтасынов хабарлағандай, Мәжіліс депутаттары соңғы заң жобасына бірауыздан қарсы шығып, оны талқысына қабылдамай үкіметке қайтарып жіберді:
Дегенмен де, парламенттің 4-ші сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша 30-ыншы маусымда өткізген баспасөз-мәслихатында Мәжіліс төрағасы Ж.Тұяқбай “әлгі заң жобасына түбегейлі қарсы депуаттар тобы бар. Ол да дұрыс. Өйткені, біздің қоғамда қайырымдылық жасау дегенді - бүкілхалықтың игілігіндегі байлықты талан-таражға салу нәтижесінде заңсыз жолмен жиналған капиталды, оған қоса дүние-мүлік пен байлықты заңдастыру болып табылады деген пікір қалыптасқан. Міне сондықтан да, аталмыш заң жобасы талқыға қабылданған күнде де, менің ойымша, ондай көзқарас бар және бола бермек. Менің пікірімше, 1-інші қыркүйекке қарай ол жобаны қарауымызға міндетті түрде аламыз. Себебі, заң жобасының авторы оны талдауға ұсынған кезде, оны талдамай жатып кейін қайтару – дұрыс емес. Ондай іс-қимыл тіпті парламент Регламентінде де қарастырылмаған. Сондықтан да заң жобасын талқылауымызға міндетті түрде қабылдаймыз” деп атап көрсетті.
Аталмыш заң жобасын талқылауға да, қабылдауға да қарсы депутаттардың бірі – Т.Тоқтасынов.
Т.Т.: Мен ол заңды дәл қазір қабылдаудың қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Менің бір топ әріптесім арам ақшаға қайырымдылық жасау туралы алдыңғы заңның орындалу нәтижесін толық қарамай, терең сараламай тұрып, енді дүние-мүлікті заңдастыру туралы заңды қабылдауға ертелеу деп санайды. Мен де қаржыны заңдастыруға байланысты заңның нәтижесін анықтап алған соң ғана, дүние-мүлікке байланысты заңның жобасын талқыға алуға болады деп ойлаймын.
Парламент Мәжіліс депутаттары ішінен дүние-мүлікті тіркеуге қайырымыдылық жасау туралы заң жобасын қарауға түбегейлі қарсы болатындардың тағы бірі, сөзсіз, Қазақстанның патриоттары партиясының жетекшісі Ғани Қасымов болуы әбден ықтимал. Бірақ Ғани мырза ол заңның жобасын тіпті көрмеген, оның мазмұнымен бейтаныс болып шықты. Сондықтанда оған сипаттама беруден бас тартты. Оның есесіне бұрынғы министр, әрі “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігі Саяси Кеңесінің мүшесі Петр Своик заң жобасымен жақсы таныс көрінеді.
П.С.: Бұл жерде қыртыс-қабаты көп заң жобасы ұсынылып отыр. Сөз болып отырған заң жобасы, бір қараған көзге, зиянсыз болып көрінуі мүмкін. Ол жоба сырт көзге шағын және орта кәсіпкерліктің меншігіндегі жасырын дүние-мүлікті ресми тіркеу үшін ұсынылып отырған болып көрінеді. Ал ақиқатын айтқанда, ол көзге шөп салу... Қазақстанда дүние-мүлкі тіркелмеген немесе мүлкі сырт көзден жасырылған шағын кәсіпкерлік жоқ. Міне сырт көзге осылай көрінетін заң жобасы – оны қабылдау қажеттігіне үкімет дептуттардың көзін жеткізе алмады. Бірақ парламент депуаттары оны сыртқы қабаты үшін ғана кейін қайтарып отырған жоқ. Шынын айту керек, ол да бар. Тереңде жатқан астарлы мән-мағынасы үшін қайтарып отыр.
Дүние-мүлікті тіркеу жөніндегі заң –жаппай жекешелендіру жылдарында президенттің жақын қоршауындағылардың қармап қалған ең басты да қомақты мүлкін заңдастырып алу жолындағы алғашқы құлшыныс. Атап айтқанда, шикізаттың стратегиялық экспортын қамтамасыз етуші кәсіпорындарды өзінің меншігі есебінде заңдастырып алу көзделіп отыр.
Дәл осы күні Қазақстанда алдағы сайлауларға дайындықтың финалдық сәті келген сияқты. Үстімізідегі жылғы мәслихат депутаттарын сайлау бастапқы жаттығу да, келесі жылғы парламент сайлауы – ең басты жаттығу болмақ. Ал ең негізгі мәселе – кезекті президентті сайлау немесе келесі президент сайлауы болайын деп тұр. Міне ең негізгі сайлауға дәл қазір орасан дайындық өтуде. Сол мақсатта “Партиялар туралы” жаңа заң қабылданды, ақпараттық кеңістікті “тазарту” шаралары жүзге асырылып, бүкіл экономикалық күш-қуатын сол әзірлікке жұмылдыруда. Үлкен күрес-тартыспен қабылданған “Жер кодексі” де осындай астармен дүниеге келді. Арам ақшаларға қайырымдылық жасау, “Жер кодексі”, енді міне дүние-мүлікті заңдастыру заңы, Қазақстан Республикасының 1-інші президенті туралы” заң -барлығы бір мақсат-мүддені көздеген заңдар. Оған ешқандай, ешбір күмән жоқ.
Тағы да қайталап айтамын: Қазақстандағы саяси режим өзін жекелеген тұлғалар арқылы емес, мемлекеттік институттар құру арқылы заңдастыруға ұмтылуда. Басқаша айтқанда, № 2-нші немесе 3-інші “назарбаевты” сайлау қорытындыларын бұрынғыдай өрескел бұрмалау арқылы емес, сайлау өткізудің жаңа технологияларын игеру арқылы, керек десеңіз – ақшаның күшімен сайлауды үйренуге ұмтылып отыр. Сол себепті де билік өз қолындағы қаржылық көздерін, заңсыз дүние-мүлкін дер кезінде заңдастырып алуға жанын салуда. Бірақ, соған қарамастан, елдегі билік сайлау үдерісін “еркіне жіберуге” қорқады. Сайлау қорытындыларын бұрмалау “әдіс-тәсілін” әлі де қаруы етіп отыр. Әйтсе де бұл - биліктің бағы емес, соры. Билік иелерінің қолында есеп-қисапсыз қаржы бар, сондай-ақ қолында әлі де болса қуатты әкімшілік биліктің болуына қарамастан, елдегі ресми билік өз халқы мен сайлаушыларынан сескенеді.
Заңсыз жолдармен жиналған меншік-мүлікті тіркеуге қайырымыдылық жасау туралы заңды қабылдаудың соңында тұруы мүмкін мақсат-мүдделерді белгілі қоғам қайраткері, тәуелсіз журналист Гүлжан Ерғалиева тіпті бірауыз сөзбен сипаттап берді.
Г.Е.: “Дүние-мүлікті тіркеу” дегенді бір сөзбен-ақ суреттеуге болады: ол - өзінің ұрлықтарын заңдастыруға бағытталған екінші талпыныс.