Мақалада автор Қазақстандағы диктаторлық режиммен күресуші, Атырау облысындағы аудандық мәслихаттың депутаты Сағынғали Қазипов жайында жазады.
"Алтын ғасыр” басылымының соңғы санында Қайырболат Молдажановтың “Енді халықты алдау мүмкін емес!” деген мақаласы жарияланды. Онда автор Қазақстандағы диктаторлық режиммен күресуші, 2002 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынағаны үшін 52 күн қамауда отырған Атырау облысындағы аудандық мәслихаттың депутаты Сағынғали Қапизов жайында жазады.
Тілшінің айтуынша, 2002 жылдың 29 шілдесінде Павлодарда өткен Ғалымжан Жақияновтың сотына қатысқан Сағынғали Қапизовты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері “тәртіп бұздыңыз” деген айыппен қамауға алады. Мақаладағы Сағынғали Қапизовтың сөзіне қарағанда, оның сотына Атыраудан, аудандардан, сондай-ақ ауылдардан қатысқан адамдар оны қорғау барысында оппозицияға ашық қолдау көрсете алатындықтарын байқатыпты.
Сондай-ақ автор мақалада халықтың тұрмысын тұралатып, адамдық құқықтарын аяқасты етіп болған режимге қарсы шерулер Атырау өңірінде орын ала бастағандығын алға тартқан. Мәселен, Атыраудан 140 шақырым шалғайда жатқан Нарын ауылы тұрғындары бірнеше рет өз наразылықтарын білдіріпті. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевты әділ де, ашық сынаған олардың көпшілігі жауапқа тартылды дейді тілші. Бұл арада автор мақалада былай дейді:
“Осы бір жазықсыз жандарды қудалап, Қазақстанды әлем жұртшылығы алдында масқаралап отырған Қылмыстық Кодекстегі 318-ші бап алынып тасталды. Ал оған дейін бұл баппен жазушы - ғалым Кәрішал Асанов, жұмысшы қозғалысының жетекшісі Мәдел Исмайлов, белгілі журналистер Ермұрат Бапи мен Сергей Дуванов және тағы басқалары сотталған еді”, - делінген мақалада.
Бұл тұрғыда автор, “бұлардың бастарынан кешкен сол азапты, ертең Нұрсұлтан Назарбаев тақтан тайған күні-ақ, өз басынан өткеретін болады”, - дегенді айтады . Тілшінің сөзіне сенер болсақ, 52 күн түрмеде отырып шыққан Капизов күн түспейтін сызды камера мен калориясыз тамақтан денсаулығын әлсіретіп шығыпты. Ол қалса, дұрыс бір баспанаға жарымай жүрген оппозиционер отбасымен қақаған қыста жылусыз пәтерде қыстап шыққан екен.
Мақаланы қортындылаған автор қарапайым халықтың билікке деген көзқарасы мен сенімі 1999 жылғы сайлаудан кейін түбегейлі өзгеріп кеткендігін тілге тиек еткен “Алтын ғасыр” басылымының соңғы санында.