Ресейлік адвокат М.Ботвинкиннің кәміл сенуінше, “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігі Саяси Кеңесінің жазасын түрмеде өтеп жатқан бұрынғы төрағасы Ғ.Жақиянов саяси көзқарасы мен күресі үшін республика заңдары өрескел бұрмаланып, сотталған.
“Борис Кузнецов және әріптестері” адвокаттық бюросының өкілі Михаил Ботвикинмен әңгіме:
- Ғ.Жақияновтың “қылмыстық ісіндегі” материалдарды Сіз кімнен және қалай алдыңыз? Өйткені, ол материалдардың халықаралық тәуелсіз сарапқа берілуіне ресми Астана түбегейлі қарсы емес пе? – деген сауалдан басталды.
М.Б.: Мен Ғ.Жақияновтың ісінің материалдары қолдарында бар адвокаттармен, Жақияновтың өзімен араластым. Менің өзімді Ғ.Жақияновтың сотына адвокат ретінде жібермеді. Бірақ менің құзырымды оның адвокаттарының кеңесшісі есебінде белгілеп берді, яғни Ғалымжанның қамауда отырған жеріне барып жолығуыма, сот барысында оған заңдық жәрдем беруіме рұқсат етті. Тікелей сот кезінде адвокат ретінде сөйлеуіме, ресейлік адвокат болғандығымнан, рұқсат етпеді. Міне сондықтан да менің қолымда Ғ.Жақияновтың ісіндегі барлық материалдар: бастапқы тергеуден бастап, сот хаттамасы мен өкімінің мәтіні түгел болды. Олармен егжей-тегжейлі таныстым. Ал Ғ.Жақияновтың ісіне қатысты материалдарды халықаралық тәуелсіз сарапқа беруге Қазақстан билігінің қарсы болғанын мен білемін.
Тікелей сот барысында Ғ.Жақияновтың кінәсін растау үшін айыптаушы жақ шақыртқан куәгерлер келтірген айғақтардың барлығы, керісінше Ғ.Жақияновтың тіпті кінәсіз екенін дәлелдеді. Мен жазған анықтама-құжатта куәгерлердің уәждерінің барлығы дерлік – Ғ.Жақияновтың әкім ретіндегі іс-қимылында “қылмыс” деуге келетін әрекеттің болмағандығын айқын дәлелдеді. Міне сол жайт сотқа қатысқандардың барлығына тайға таңба басқандай анық көрінді. Бірақ, соған қарамастан, сот “ақты қара, қараны - ақ” етіп бұрмалаған үкім шығарды.
Өзіңіз елестетіп көріңіз: соттың үкімінде белгілі бір жеке тұлғаға акциялардың мемлекеттік бумасын сату туралы шешім қабылдауға Ғ.Жақияновтың құқы жоқ делінген. Сонымен бірге істің материалдарында өз қарамағындағы мемлекеттік меншікті еркін жұмсауға облыс әкімдеріне құқық берілгені туралы ҚР-сы үкіметінің қаулысы да тігілді. Әлгі қаулыда әкімдердің құзырына берілген мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар тізіп келтірілген. Оны жоққа шығару мүмкін емес.
С.Ақ.: Ғ.Жақияновқа тағылған екінші айып тағы бар емес пе?
М.Б.: Ғ. Жақияновқа қылмыс ретінде тағылған екінші айып: “Спецмедснабжение” мекемесінің қоймасын басқа баспанаға көшіру жөніндегі нұсқау беруі болатын. Онда да көз жұмуға болмайтын екі айғақ бар: біріншісі – ол нұсқауға Ғ. Жақияновтың ешбір қатысы болмаған. Барлық құжатты да, ауызша берілген нұсқауларды да, оны куәгерлердің бәрі растады, оның осындай мәселелерге жауап беретін орынбасары жүзеге асырған. Өйткені, ондай майда-шүйде мәселені шешу - әкім есебіндегі Жақияновтың жауапкершілігіне қарамайтын, әкімнің деңгейіне жатпайтын. “Спецмедснабжение” сынды шағын мекеменің қоймасын көшіру сынды қатардағы шаруамен оның орыбасары Рюмкин айналысқан. Алайда, Рюмкиннің өзін сот мәжілісіне жібермеді. Оны алдымен қамауға алып, одан Жақияновты қаралайтын жауапты күштеп алып, онан соң Рюмкинді қудалауын тоқтатты, бірақ оны әбден қорқытып, сотқа қасақана жібермеді.
Рюмкиннің бастапқы тергеу барысында берген куәгерлік бір ғана жауабы сотта оқылды да, бірақ әлгі қойманы басқа жерге көшіру туралы нұсқауды Жақиянов берді дегенді басқа ешкім растамады. Ал оны көшіруден мемлекетке шығын емес, керісінше пайда келгенін сот тіпті қаперіне де алмады. Әлгі қойманы жаңа баспанаға оңтайландырып орналастыру үшін, облыс әкімі өз қарамағындағы арнайы қордың ережесін еш бұзбай, керісінше ережеге сәйкес 2 млн. теңге қаржы бөлді. Онысы өте орынды да заңды әрекет болды.
С.Ақ.: Ботвинкин мырза, сонымен Сіз қандай қорытындыға келдіңіз? Ғ.Жақияновтың кінәсі сотта дәлелденбеді ,, ҚДТ-ының саяси лидері қылмысы үшін сотталмады деп ойлайсыз ба?
М.Б.: Қорыта айтқанда, айыптау қорытындысында келтірілген қылмыстық әрекеттерге Ғ.Жақияновтың тиіп-қашты қатысы жоқтығы айқын бола отырып, оның іс-қимылында қылмыс нышандарының болмауына қарамастан, оған қарсы шығарылған сот үкімі – сот ісінің сонау бастан саяси тапсырыс бойынша ұйымдастырылғанын айқын аңғартты. Үкім – сотта емес, Ғ.Жақияновтың сотын бастан-аяқ қадағалап, бағып келген не президенттің, не премьер-министрдің қызмет бөлмесінде жазылған. Мен оған ешбір күмән келтірмеймін.
С.Ақ.: Дегенмен де, М.Ботвинник мырза, Ғ.Жақияновтың ісі мен сот мәжілісінің материалдары бойынша өзіңіз бен әріптесіңіз Б.Кузнецов әзірлеген сараптамалық анықтама Ғалымжанның тағдырына дәл қазір оң әсер ете алады деп сенесіз бе?
М.Б.: Жоқ, біздің жазғанымыз жай ақпарат үшін жазылған сараптамалық анықтама болып табылады. Ол Ғалымжанның қазіргі тағдырына ықпал ете қояды деп біз ойламаймыз. Бірақ, сонымен бірге, Ғ.Жақияновтың тағдырына ықпал етуге тиісті іс-шаралардың барлығын біз, адвокаттар мен адам құқын қорғаушылар, жүзеге асырдық және асырып жатырмыз. Атап айтқанда, “Эмнисти интернэшнл” және т.б. халықаралық ұйымдардың атына үндеулер жолдадық. Неге десеңіз, дәл қазір әңгіме істеген қылмысы үшін абақтыда отырған қарапайым қылмыскер туралы емес, тек саяси көзқарасы мен күресі үшін жазаға тартылған саяси тұтқын жөнінде болып отыр.
С.Ақ.: Ресейде адам құқықтары бұзыла ма? Ресейде заңды аяқастына таптаған жайттар бар ма? Болса, мысал келтіре кетсеңіз?
М.Б.: Өкінішке қарай, Ресейде де адам құқықтары аяққа тапталуда. Ол құпия емес. Әйткенмен де, заңдарды дәл Қазақстандағыдай өрескел бұзу, аяқасты ету – Ресейде мүмкін емес. Ресейде, дегенмен де, адам құқықтарын бұзу әлдеқайда жасырын, астыртын түрде, көзге онша көрсетпей жүзеге асырылады. Қазақстандағыдай ашықтан-ашық, қасақана заң бұзушылық Ресейде жоқ. Ал Ғалымжан Жақияновтың жағдайында, мысалға, заңдар толықтай немесе қайсыбір ережені сақтамай, әй-жайға қарамай өрескел бұрмаланды.
Бізге, сондай-ақ, аты-шулы “Қазақгейт” ісі бойынша маусымның 23-і күні АҚШ-та басталған сот үдерісі бойынша ресейлік тәуелсіз заңгердің пікірін білген қызық көрінді. “Борис Кузнецов и партнеры” адвокаттық бюросының өкілі, заңгер Михаил Ботвинкинге АҚШ-тағы сот барысында жоғары лауазымды қазақстандық шенеунектерге пара берді және салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылған Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Джеймс Гиффен мен “Мобил-Ойл” корпорациясының бұрынғы бас менеджреі Брайан Уильямстың кінәлары бұлтартпай дәлелденіп, жауапқа тартылатын жағдайда, одан қазіргі Қазақстан басшылығына тиіп-қашты ықпалы бола ма ? –деген сауал қойдық:
- Менің ойымша, Қазақстан басшылығына ықпалы болуы әбден мүмкін... саяси-қоғамдық жағынан ықпалының болуы ықтимал. Қазақстанның жоғарғы басшылығын ешкімнің де жауапқа тарта алмайтыны түсінікті. Бірақ та Қазақстанның дүниежүзілік қоғам алдындағы онсыз да ойсырап тұрған абыройына сөзсіз нұқсан келеді. Әрине, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың өз ауылын ол жанжалдан аулақ ұстауға бар жанын салып жатқанын мен жақсы білемін. Менің білуімше, ол жанжалға байланысты “құрбандыққа” шалатын адамын Н.Назарбаев тапқан сияқты. Ол – бұрынғы премьер-министр Н.Балғымбаев көрінеді. Бар айыпты ол өз мойнына алып, Н.Назарбаев пен басқа да бсшыларды бүркемелеп қалуға тиіс:
С.Ақ.: Ботвинкин мырза, Ғалымжанның үзеңгілесі М.Әбіләзовтің президент жарлығымен босатылуын Сіз қалай қабылдадыңыз?
М.Б.: Менің білуімше, М.Әбіләзовке түрмеде теңдессіз қысым көрсетілді. Қысым болғанда, психологиялық қысым емес, зорлап-жәбірлеу деп айтуға болатын қысым көрсетілген. Міне сондай зорлау-жәбірлеудің нәтижесінде ол президенттің атына өзіне “қайырымдылық жасау” туралы өтініш жазуға мәжбүр болды.
Қазақстан басшылығының дәл осындай сценарийді әзірлеп қойғаны бесенеден белгілі болатын. Өйткені, Қазақстанның ішкі ахуалына бүкіл әлем жұртшылығының назары қадалып тұрған сәтте М.Әбіләзовті де, Ғ.Жақияновты да түрмеде ұстау – Қазақстан басшылығы үшін ауыр сын болды. Дүние жүзінің барлық түкпірінде Қазақстанда “саяси тұтқындар пайда болды” деп жар салып жүрген кезде ол екеуін абақтыда ұстау - өте күрделі мәселе болатын. Міне осындай жағдайда, мысалға, М.Әбіләзовтің де өз “қылмыстарын” мойнына алып, “Қадірлі президент, бізді кешіре көріңіз, енді ондай қылмыс жасамаймыз” деп өтініш бергені - ресми Астана үшін аса ыңғайлы жағдай болар еді.
Сондай өтініш жазуға Ғ.Жақияновты да көндірмек болғаны және тағы да болатыны маған мәлім. Бірақ, менің білетінім, Ғ.Жақиянов ондай өтініш жазайын деп отырған жоқ. Ал М.Әбіләзов болса, оның өтініш жазудан басқа амалы қалмаған көрінеді.
С.Ақ.: Әңгімеңізге көп рақмет!