Жер шарындағы анти-семитизм мәселесіне арналған екінші конференция жоспары даярлануда.

АҚШ кеше Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымынан жер шарындағы анти-семитизм мәселесіне арналған екінші конференция жоспарын жасауға ұсыныс берді.

Бұл саладағы алғашқы жиын маусымда Вьена қаласында өткен болатын. Сол кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел мұндай конференция еурейлерге қарсы зорлық-зомбылық, қастандық әрекеттерін тоқтату үшін керек, деген. Нью Йорктың бұрыңғы әкімі Рудольф Гулиянимен кездескеннен соң, Колин Пауел Еуропа ұйымы келесі конференцияны Берлинде өткізбекші, деген.