Маскеу. Ресей президенті Вл.Путин кеше Шешенстан республикасында 5 қазанда президент сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойған . Ол Шешенстандағы мәскеулік билік басшысымен Кремльдегі кездесу барысында бұл сайлау азаматтардың өз таңдауын еркін, ешбір қыспақсыз білдіре алатындығына кепілдік беруі керек деп айтқан.
-Мен Шешенстандағы жағдайдың күрделі күйде қалып отырғанын түсінемін. Бірақ та әрбір азаматтың сайлауға қатысқысы келетініне де көзім жетеді. Бұл сайлаудың демократиялық рухта өтіп, адамдардың өз ойларын ашық білдіруіне қысым жасалмағаны, заңдылық аясында өткені ең маңызды болар еді-, деген Ресей президенті.
Шешенстандықтар өткен наурыз айында президенттік сайлау жөніндегі референдумға қатысып, Шешенстанды бейбіт реттеймін деген Путиннің даулы жоспарының бірінші қадамы жүзеге асқандай болған.