Мәскеуде жарылыстың салдарынан көп адам өлді

Мәскеудің Тушино әуежайында рок-музыкасының концертінің кезінде бірінен соң бірі екі жарылыс болды. Бұл бомбашы жауынгерлердің шабуылы екені байқалды. Кемінде он алты адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Ресей ішкі істер министрі Борис Грызлов шабуылды Чешенстаннан келген әйел-жанкештілер жасады деп мәлімдеді.