Астанаға азық-түлiк керуенi келдi

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ
Астана қаласы әкiмiнiң баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, шiлденiң 7-сi күнi елордаға Қазақстанның Оңтүстiгiнен азық-түлiк автокеруенi келдi.
Бұл-- мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес, Астанадағы азық-түлiк бағасын арзандатып, тұрақтандыру бағытындағы алғашқы қадам.

Астананың жаңа әкiмi Темiрхан Досмұханбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiмен болған кездесуiнде Астанадағы қымбатшылықты төмендету шараларын көкөнiс пен жемiс-жидектерден бастайтынын мәлiмдеген болатын.

Осы мақсатта, «Азық-түлiк керуенi» жобасы алдымен қолға алынып, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарымен ынтымақтастық келiсiмiне қол қойылған. «Азық-түлiк» жобасын баянды ету үшiн келешекте Шымкент қаласында Астана әкiмдiгiнiң тұрақты өкiлдiгiн, ал Астананың өзiнде замана талабына сай көтерме-бөлшек сауда инфрақұрылымы құрылмақ. Ал әзiрге азық-түлiк бағасы аспандап тұр.