Осы орайда АҚШ президенті Оңтүстік Африкда жүрген сапарында өзінің Ираққа шабуыл жасау жөнінде дұрыс шешім қабылдағанына сенімді екеніне жане жаппай қырып-жою қаруының Ирақтан табылатынына күман келтірмейтінін айтқан.
- Саддам Хусейіннің бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіргені жөніндегі менің пікірім ешқандай күмәнсіз. АҚШ –тың одақтастарымен бірге оны билік басынан кетіргендігі де өте дұрыс болғандығына күмән жоқ, - деген АҚШ президенті Ж.Буш.
Лондонда оппозициялық консервативті партия жетекшісі Дұнкан Смитс Тони Блэр интернтеттен көшіріп алынған студенттік баяндаманың мәтініне сүйеніп, парламентті адастырды деген хабарламадан соң, премер-министр өкілдер палатасы алдында кешірім сұрасын деп талап етті.