Қазақстанның жаңа жолаушы таситын “Эйр Астана” әуе компаниясы Ресеймен ғана емес, Еуропаның ірі қалаларымен және басқа да елдермен арада тұрақты әуе қатынасын орнатуды жоспарлауда.
Бірақ ондай ауқымды жоспарын жүзеге асыруға ресейлік бәсекелестерінің айтарлықтай тосқауыл болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде соңғы 10 жыл бойы Қазақстанның әуе кеңістігінде жападан-жалғыз үстемдік етіп келген ресейлік “Трансаэро” әуе компаниясы ол кеңістікті қазақстандық бәсекелесіне оңайлықпен беретін емес. “Трансаэро” – Алматы-Мәскеу, Астана-Мәскеу аралығында жолаушы тасымалдауға алған рұқсатын тағы да ұзартып алды.
Осыған дейінгі бір хабарымызда атап көрсетілгендей, Қазақстанның және бірқатар ТМД мемлекетінің әуе кеңістігінде жолаушы және жүк тасымалы бойынша ресейлік әуе компанияларымен терезесі тең жағдайда бәсекелесе алатын қазақстандық бір ғана әуе компаниясы бар көрінеді. Ол – осыдан 1 жыл бұрын ғана дүниеге келген “Эйр Астана” компаниясы.
Осы жерде ерекше назар аудара кеткен дұрыс болар: аталғандай жеке әуе компаниясын құру бастамасын қазіргі Қазақстан президентіне белгілі кәсіпкер, бұрынғы министр әрі “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігінің бұрынғы лидерлерінің бірі М.Әбіләзов ұсынған болатын. Ал енді құрылғанына әлі толық 1 жыл да толып үлгермеген “Эйр Астана” әуе компаниясы ендігі жерде Қазақстанның әуе кеңістігінде соңғы 10 жыл бойы жападан-жалғыз үстемдік құрып келген ресейлік “Трансаэро” әуе компаниясын ығыстыра бастаған сыңай байқалады.
Қазақстанның әуе кеңістігіне “Трансаэро” кезінде Ресейдегі сонау Совет дәуірінен келе жатқан басқа алып “Аэрофлот” атаулы әуе компаниясының өзін де жібермеген болатын. Оған себеп – банкротқа ұшырап, жоқ болған “Қазақстан әуе жолы” және сондай жағдайдың табалдырығында тұрған “Эйр Қазақстан” қазақ ұлттық әуе компанияларын айтпағанда, “Аэрофлот”-қа салыстырғанда, “Трансаэро”-ның Қазақстан мен Ресей үкіметтеріндегі тірегі әлдеқайда күштірек болған сияқты. Ал ендігі жерде оған күтпеген жерден Қазақстанның өз ішінен “Эйр Астана” сынды бақталас әуе компаниясы пайда болды.
Аталмыш компанияның баспасөзбен байланыс жөніндегі менеджері Ольга Сухованың хабарлауынша, “Эйр Астана” компаниясына Қазақстанның әуе кеңістігі тарлық етіп, енді Еуропаның бірқатар ірі қаласы мен басқа да елдермен арада тұрақты әуе қатынасын орнатуды жоспарлауда. Бірақ нақты қандай елдермен қатынас орнату жобаланып отырғанын Ольга “коммерциялық құпия” деген сылтаумен атамады.
Батыс Еуропамен және басқа да елдермен әуе қатынасын игеру мақсатында “Эйр Астана” компаниясы, Ольга Сухованың хабарлауынша, дәл осы күндері сыйымдылығы әлдеқайда үлкен Боинг-757-200 ұшақтарын лизингке сатып алу мүмкіндіктерін қарастыруда. Ал ол қатынастар, компанияның баспасөзбен байланыс жөніндегі менеджерінің мәлімдеуінше, жаңа ұшақтар сатып алысымен дереу орнатылмақ. Оған қоса, алдағы күндердің бірінде Еуропа мен басқа елдердің арасындағы әуе жолаушылары мен жүктерін тасымалдау құқы үшін Қазақстанда әуе компаниялары арасында тендер өткізілмек. Бірақ, “Эйр Астана” компаниясының менеджері О.Сухованың сөзіне қарағанда, ол тендерді нақ осы компанияның жеңіп алатынына ешқандай күмән жоқ көрінеді.
Егер “Эйр Астана”-ға - Қазақстанның өз ішінен, оның ішінде тіпті “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы тарапынан терезесі тең бәсекелестік туа қоймайтын да болар. Өйткені, банкротқа ұрынып жойылған “Қазақстан әуе жолы” ұлттық компаниясының орнында пайда болған “Эйр Қазақстанның” қаржылық ахуалы өте ауыр, із жүзінде ол да банкроттыққа ұшыраған, оған қоса оның сонау Совет өкіметінен мұраға қалған ұшақтар паркі - әбден ескіріп, тозығы жеткен.
Алайда, республиканың өз ішінен бақталас табыла қоймағанымен де, ресейлік әуе компаниялары, атап айтқанда “Трансаэро” әуе компаниясы тарапынан зор бәсекелестікке тап болды. Ол аздай, “Эйр Астана” компаниясының өкілі О.Сухова мен азаматтық авиация жөніндегі қазақстандық комитеттің халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Б.Жұртыбаеваның хабарлағанындай, “Трансаэро” әділ бәсекелестікті онша мойындағысы келмейді. “Эйр Астана”-ны Астана-Мәскеу, Алматы-Мәскеу арасындағы әуе қатынасына жібермеу немесе ығыстырып шығару үшін “Трансаэро” мен оның мүддесін қорғаған азаматтық авиация жөніндегі Ресейдің мемлекеттік комитеті, қазақ компаниясының менеджері О.Сухова хабарлағандай, біріншіден, екі жақты әуе қатынасы туралы Ресей мен Қазақстан арасында 1994-інші жылы қол қойылған келісімді орындамай отыр, оған сәйкес, екі арадағы әуе қатынасын Ресей мен Қазақстанның арнайы тағайындалған тасымалдаушы әуе компаниялары тең құқықта жүзеге асыруы керек, екіншіден – Ресей жағы бұрынғы “Қазақстан әуе жолы” компаниясының қарыздарын ешбір негізсіз “Эйр Астана”-ға арта салмақшы, “Трансаэро” компаниясы мен азаматтық авиация жөніндегі Ресейдің мемлекеттік комитеті, О.Сухованың айтуынша, сондай-ақ, “Эйр Астана” компаниясына түрлі шектеулер қою, оның кейбір ұшақтарына, мысалға Боинг-737-800 ұшағына, Ресейге ұшуға тыйым салу немесе әділ бәсекелестікті мойындамау сияқты түрлі айла-амалдар қолдануда.
Дегенмен де, “Эйр Астана” әуе компаниясының баспасөз құралдарымен байланыс жөніндегі менеджерінің мәлімдеуінше, жаңа компания – жолаушыларға қызмет көрсетуімен, жолаушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жаңа ұшақтарымен ресейлік бәсекелестеріне төтеп бере алатынына сенімді.
Қорыта келгенде, Қазақстан басшылығы – жолаушы әрі жүк тасымалдаушы “Эйр Астана” әуе компаниясының негізінде, еркін нарықтық бәсекелестікке төтеп бере алатын ұлттық азаматтық авиациясы саласын өркендетуді мақсат етіп отырған сияқты. Шынында да солай болса, онда іске сәт!