Соңғы жылдары хан Жәңгірге байланысты тарихшылардың да, зиялы қауым өкілдерінің де арасында әр түрлі пікір бар. Біз хан Жәңгірдің тұлғасына қатысты белгілі режиссер Қадыбай Әбенов пен ақын, “Алтын Орда” газетінің бас редакторы Мейірхан Ақдәлетұлын ой бөлісуге шақырдық.
Үстіміздегі жылы Қазақстан мемлекеті ұлтының тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жанын құрбандыққа шалған, ұлы ақын Махамбеттің екі жүз жылдығын ЮНЕСКО – деңгейінде атап өтеді. Махамбеттің аты ойымызға оралғанда, ұлы ақынның басын кестіртуге себепкер болған хан Жәңгірдің де аты есімізге түсетіндігі – ақиқат. Соңғы жылдары хан Жәңгірге байланысты тарихшылардың да, зиялы қауым өкілдерінің де арасында әр түрлі пікір бар. Біз хан Жәңгірдің тұлғасына қатысты белгілі режиссер Қадыбай Әбенов пен ақын, “Алтын Орда” газетінің бас редакторы Мейірхан Ақдәлетұлын ой бөлісуге шақырдық.
Қалдыбай Әбенов, режиссер. Менің білуімше қазақтың басына ең алдымен бодандықтың қамытын кигізген - Әбілқайыр хан. Одан кейін Ішкі Орда ашылған кезде, Бөкей қайтыс болғаннан соң, хан тағына Шығай отырады. Шығайдан кейін ғана Жәңгірге хандық бұйырды.
Жәңгір, хан болып сайланған кезде, Махамбет екеуі арасынан әлі ала мысық өте қоймаған ажырамас дос еді. Өзінің туған баласы Зұлқарнайынды Махамбетке ілестіріп Орынборға оқуға жібереді. Мұны мен - хан Жәңгірдің Махамбетке деген көзқарасы, ыстық ықыласы деп бағалаймын. Мен, Жәңгірханды ақтауға немесе қаралауға қатысты мынандай бір ойымды айтқым келеді.
Біздің көптеген тарихшыларымыз Жәңгір хан мен Махамбет қақтығысының арасынан таптық наразылықты іздегісі келеді. Менің ойымша екеуінің арасындағы қақтығыстан ұлттық наразылықты іздеуге тиіспіз.
Кеңестер одағы кезінде қазақ хандығы тұсындағы көтерілістердің бәрін де жігін жатқызып, таптық көтеріліске жатқызып келді. Әділіне жүгінсек, Исатай мен Махамбеттің көтерілісі ақ патша мен Ресейдің езгісіне қарсы ұлттық наразылық еді. Ал, Жәңгір хан екі оттың ортасында қалып қойған құрбандық қана. Ресейдің отарлау саясатын мақсат етіп қойған жандайшаптар алауыздық туғызу үшін ең алдымен қазақтың арасын жіктеуге, бөлшектеуге кірісті. Хандық тұғырды шайқалту үшін бар күшін салды. Міне осындай жағдайда қалған Жәңгір хан өзінің досы, ұрандасы болған Махамбетке қарсы шықты. Және Махамбеттің де хан Жәңгірге қарсы шыққаны тарихтан аян. Мұның бәрі де жан-жақтан келген Ресей отаршылдарының көмегінің арқасында жасалынды.
Біріншіден , жалпы тарихты саралағанда, біз Кеңестер одағы кезінде қалыптасқан біржақты көзқарастан арылуға тиіспіз. Екіншіден Ресей мен басқа елдердің тарихшылары жазған деректерді сұрыптау қажет. Үшіншіден соңғы жылдары тарихты асығыс жазу тым қатты белең алып барады. Көптеген деректер дұрыс зерттелмей, тарихты рулық тұрғыдан ғана бағалау да басым болып кетті.
Махамбет – Жәңгір хан өлгеннен кейін бір жылдан соң өлтірілді емес пе? Ендеше Махамбеттің басын Жәңгір хан кесті деп босқа даурыға беруімізге не жорық? . Бұл шын мәнісінде Қарауыл-қожа мен, Баймағамбет сұлтан секілді Ресей жандайшаптарының іс-әрекеті еді. Баймағамбет сұлтан мен Қарауыл-қожалар хандыққа таласқандар. Оларды хандыққа таластырып қойған да Ресейдің жандайшаптары. Осы жағын да ескермеу тарихқа қиянат емес пе?
Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын. “Алтын Орда” газетінің бас редакторы.
Махамбеттің аты аталғанда, кез-келген адамның есіне алдымен Жәңгір түседі. Жәңгір хан - Махамбеттің қас жауы. Бір-бірінің күнәсін кешпес қарсыласы. Тіпті о дүниеде де бітіспейтін жаулар.
Енді осыған байланысты біздің ресми идеология, шығармашылық зиялы қауым Жәңгір ханды да ақтап алғысы келеді. Олар “Жәңгір хан қазаққа бірінші болып мектеп салып берген, зиялыларды тәрбиелеген, қараңғы қазақты мәдениетке үйреткен” деген сыңайдағы уәждерді сылтауратады. Ал Махамбетті жүрегінде ұстап, көкірегінде пір тұтып келген халық бұл сөздерге жиіркенішпен қарайды. Мүмкін өлген адамды жамандамау салты қазақтың менталитетінде қалып қойған, сана-сезімінде бар ұғым шығар.
Бірақ менің ойымша “Жәңгір ханды жамандасақ, бүкіл билікті қаралағандай болып көрінеміз” деген сыңайдағы осы бір ұғым ресми идеологияның аңғалдау түсінігі сияқты.
Жәңгір хан патшалы Ресейдің қойған адамы болатын. Қазақ даласын отарлауға келгенде патшалы Ресейдің идеологтары өте ақылды жасады. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұрынғы билер халықтың өз арасынан шығатын болса, енді олар осы дәстүрді бұзып биді өздері тағайындайтын болды. Жәңгір хан да - патшалы Ресейдің өзіне жайлы адамы.
Жәңгір хан - орысша, Еуропаша тәрбие алған. Болмысы жағынан – маригинал. Өзінің ұлтына жақтыртпайтын көзқараспен қараған. Іштей оны жеңілген ұлт деп санаған қазақ.
Әрине ағартушылық жұмыстардың бәрі де жақсы. Біз Жәңгір хан оқуға тәрбиеледі, ақшаны енгізді, тәртіп орнатты деген сыңайдағы әңгімені жиі айтамыз. Бұның бәрі әрине орыстың ұғымымен, Еуропаның түсінігемен алғанда - прогресшілдік. Мұның жақсы жақтарының да болғанын жасырмаған абзал. Бірақ Жәңгір хан болмаса қазақ оқымай қалатындай қылып көрсетудің не қажеті бар?
Ол ішкі есеппен жасалған, сол кездегі патшалы Ресейдің отарлау саясатының бастамасы болатын. Бұратана халықтарды өздеріне икемдеп, мәдениетіне үйретіп, Ресейге жақын адамдарға орыстық тәрбие беру, шын мәнісінде отарлық езгіде жүрген ұлттарды біржолата жұтып жіберудің амалы болатын. Өйткен отарлаған халыққа тек жамандық жасай берсең, ол сенің мәңгі бақи бітіспес жауыңа айналады.
Жәңгірдің оқытқаны айналып келгенде, жаңа элита еді. Ол -патшалы Ресейге қалтықсыз қызмет ететін, солардың сөзін сөйлейтін жаңа элитаны тәрбиеледі. Дегенмен, ол элитаның ішінде де қазаққа жаны ашитын адамдар болды. Мысалы - Салық Бабажанұлы.
Махамбет - шын мәнінде біздің жеңіліп бара жатқан мәдениеттің, жеңіліп бара жатқан рухтың соңғы тұяқ серпілісі еді. Байқасаңыз, Махамбеттен кейін біздің халықтың бүкіл ойлау жүйесі өзгерді. Қазақ ұлты біржола жеңілді. Махамбеттің рухы дегеніміз, мына ұлы даланы билеп келген Доспамбет, Ақтамберділердің рухы. Солардың заңды жалғасы-тын. Сондықтан да Махамбеттің тұсында Жәңгірді ақтаған болу, бұл біздегі ұлттық көзқарастың әлі жетілмегендігінің белгісі. Мен өз басым оны ресми кеңселердің қорқынышы ғана деп түсінемін. Ақиқатты жасырудың қажеті жоқ. Жәңгірдің халықты зар қақсатқаны рас қой. Және айналып келгенде олардың зар қақсатқаны орыс емес, қазақ қой. Жәңгір хан, Қарауылқожа мен Баймағамбет сұлтандар – отаршыл халықтың ішінен шыққан компрадорлар, яғни сатқындар еді. Ресейдің күші басым екенін сезген олар, ұлттың келешегіне сенбей, қазақтың рухы жеңілді деп ойлап, өзінің билігін сақтап қалу үшін ғана жанталасты. Мына жақта Орынбор, ана жақта Астахань губернаторына жарамсақтанып, қайта-қайта хат жазды. Олар ненің алдында болса да, билігін сақтап қалу үшін халықты қырып жіберуге шейін бар еді. Солай жасады, солай істеді де... Тарихты бұрмалау, ол да ұлтқа жасалған бір опасыздық.
Тарихты бұрмаламай, одан сабақ алу парыз!