Оның құрамында 25 пен 30 арасында мүшелер бар. Әлгі мүшелер Ирак қауымының барлық саяси топтары өкілдерін қамтуда. Ирактағы АҚШ азаматтық әкімшілік басшысы Паул Бремер аталған кеңестің құрылымын жарияламақшы. Саддам Хусейнді биліктен кетірген АҚШ-тың бастауындағы коалиция бұл кеңестің құрылуы елді қайта қалпына келтіру жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болады-, деген еді. Кеңестің қолында бірнеше билік мүмкіндіктері болмақшы. Атап айтқанда, министрлерді тағайындау, заңдарға шолу жасау, келісімшарттарға қол қою және ұлттық бюджетті мақұлдау. Сондай-ақ алда келе жатқан еркін сайлаулар қарсаңында жаңа Ата заң жобасын әзірлейтін комитет мүшелерін тағайындау да осы кеңестің құзырында қалмақшы. Бремер мырза болса, кеңестің шешімдеріне басшылық жасап отыратын болады.