Солдаттардың сөзіне қарағанда бұл оқиға Бағдадтың батысындағы үлкен жол бойында орын алған. Жарылған бомба жол бойына қалдырылған көліктердің біріне қойылуы мүмкін дейді олар. Бағдаттағы АҚШ әскери өкілі бұл оқиға жөнінде өзінде айта қаларлықтай мәліметтердің жоқтығын айтуда. Өткен апталарда Америка әскерилеріне қарсы шабуылдар үдей түскен еді. Ройтер ақпарат агенттігі хабарына қарағанда, осы соңғы Ирак соғысы басталғалы бергі аралықта 147 америкалық әскери қаза болған екен. 1991-ші жылғы Парсы шығанағы соғысында да осынша АҚШ әскерилері оққа ұшқан болатын.