Бес жылға созылып кеткен азаматтық соғысты доғару мақсатында Конго президенті Джозеф Кабила қатарынан төрт вице-президентті тағайындағанды жөн көрді. Олардың біреуі президентке жақын тұлға болса, екіншісі – саяси оппозицияның өкілі, ал қалған екеуі – көтерілісшіл топтардың басшылары. Жаңа үкіметке министрлер де осындай жолмен іріктелді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан уақытша үкіметте тепетеңдіктің сақталуын ақылмен істелген шаруа деп қабылдады. Дегенмен, Конго Демократиялық республикасының солтүстігінде қақтығыстар әлі жалғасып жатыр. Көтерілісшілер соңғы кезеңде кемінде 54 адамды өлтірдік деп мәлімдеді.