Ирақта тағы бір ортақ көмбе табылды

Ирақта кеше тағы бір ортақ көмбе табылды. Мосыл қаласының маңындағы Әл-Хатра мекенінде табылған зиратта кемінде 200 адам жасырын көмілген. Олар бұрынғы президент Саддам Хұсейннің кезінде өлтірілген. АҚШ орталық басқармасы көмбені 101-ші әуе десанты дивизиясының сарбаздары суы тартылып қалған өзеннің маңында тапты деп хабарлады.