Саддамдікі деп тағы бір үндеу айтылды

Саддам Хұсейннің үндеуі деп араб телекомпаниялары кеше тағы бір аудиотаспадағы сөзді жариялады. Таспадағы азамат өзін Саддам деп таныстырып, Ирақ халқын жихад соғысына шақырды: - Бұл жауыз Ирақты әлсіреткісі келеді. Жихад соғысы арқылы жауды жою, түптің түбінде оны Ирақтан құып жіберу жалғыз дұрыс шешім болады, дейді Саддам Хұсейннің сөзсаптауына ұқсайтын дауыс. Саддам Хұсейн жөнінде нақты хабар беретін азаматқа АҚШ әскери басшылығы 25 миллион доллар сыйақы тағайындағаны мәлім.