Францияның Страсбург қаласында Еуропарламенттің отырысы болып өтті.

  • Гүлмира ХАМЗА
Бұдан бұрын Қазақстан оппозиционерлері Еуропарламенттің 2-3-ші шілде күндері өтетін отырысы, Қазақстанға байланысты қабылдаған резолюцияға бойынша өтеді, деп хабарлаған.
Естеріңізге сала кетсек, Еуропарламент үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстандағы саяси жағдайға алаңдаушылық білдіріп, арнайы қарар қабылдаған болатын. Соңынан, яғни 9-шы көкек күні бұл қарарды Еуропарламент депутаттары және Қазақстаннан барған үкімет пен оппозиция өкілдері бірігіп, талқылады. Нәтижесінде, қарар өзгеріссіз қалып, бұл отырыс кейінге қалдырылды.

Шілде айына қалдырылған отырысқа барып, келген Қазақстан Парламентінің ресми делегациясы, жасаған сапарларына риза болып қайтты. Депутаттар бұл Еуропарламенттің отырысы емес, Еуропалық Одақтың парламентаралық комитетінің отырысы екенін атап өткенімен, сапар нәтижелі болды дегенді айтты. Сенатор Уәлихан Қайсаров Еуропарламент депутататтры Қазақстан бойынша қабылданған резолюция өзгертеді, дегенді жеткізді.

Қазақстан Парламентінің Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров: - Көп мәселе көтерілді, әсіресе ақпан айында Еуропарламент қабылдаған резолюция жөніндегі әңгіме болды. Осы жолғы сапарымыз сәтті болды. Еуропарламент депуттары ақпан айында қабылданған резолюцияны өзгертеміз, деп уәде берді.

Гүлмира Хамза:

2-3-ші шілде күндері Еропарламенттың емес Еуропалық Одақтың парламентаралық комитетінің отырысы болғанын оппозиция өкілі, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Нұрболат Масанов та мойындап отыр.Бірақ Нұрболат Масанов Уәлихан Қайсаровтың сөзіне қарама-қайшы келетін деректі жариялады.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Нұрболат Масанов:

- Бұл отырыс еш нәрсені шешпейді, бұл отырыста депутаттар бір-бірімен тек пікір алмасып, кеңес бере алады. Бұл Еуропалық Одақтың парламентаралық комитетінің 4-ші отырысы, мүндай отырыс жылына бір рет болып тұрады. Бұл кездесуде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас мәселелері, Қазақстандағы экологиялық, денсаулық саласындағы мәселелері талқыланды.

Гүлмира Хамза:

Осы мәселелерді талқылау барысында Нұрболат Масановтың айтуынша, ресми делегация ақпан айында қабылданған резолюцияны қайта қарастыру мәселесін енгізуді сұраған. Бірақ Еуропарламент депутатары резолюция қасаңдық емес,ол өзгеріссіз қалатын құжат емес, егер онда қарастырылған мәселелер өзгертілсе, онда резолюция қайта қарастырылатынын атап өткен.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Нұрболат Масанов:

- Алайда Қазақстанның ресми делегациясы өз талаптарының орындалуын қатаңдау түрде сұрағанда, Еуропарламент депутаттары,яғни Ди Пьетро мырза қабылданған резолюцияны қайта қарастыру үшін Еропарламент комиссиясының отырысын ұйымдастырып, Қазақстан оппозициясын шақырып, олардың пікірін тыңдауымыз керек, дегенді айтты.

Гүлмира Хамза:

Сол себептен дейді, Нұрболат Масанов комитет отырысының соңында қабылданған қорытынды құжатқа, комиссия қабылданған резолюцияны қайта қарауын өтінеді, деген маңызы жоқ ескерту жазылды.Бірақ бұл резолюцияны қайта қарау жөніндегі әңгіме емес.

Барлығы ойдағыдай болмағанын мәжіліс депутаты Төлебек Қосмәмбетов та растап отыр, бірақ депутаттың пікірінше, сапар нәтижесіз болды деп айтуға болмайды.

Қазақстан Парламентінің мәжіліс депутаты Төлебек Қосмәмбетов:

- Біз айтқанның барлығы орындалды, қабылданды, деп айтуға болмайды.Бірінші кезекте, сол Еуропарламент комиссиясының мүшесі, Ұлыбританиядан сайланған Калланан деген азамат,біздің елдегі болып жатқан істерге қарсы пікір айтты.Бұқаралық ақпарат құралдары, сайлау мәселесі, бас бостандығынан айырылған азаматтарды қандай жағдайда ұстау керек, одан кейін терроризмге қарсы күрес, соның барлығына түсіндіріп жауап бергеннен кейін, ол кісінің көзі жетті.

Гүлмира Хамза:

Өз кезегінде оппозиция атынан бұл отырысқа барған Нұрболат Масанов ресми делегацияның сапарын басқаша бағалады. Нұрболат Масановтың айтуынша, Еуропалық Одақтың парламентаралық комитетінің отырысында Қазақстан делегациясы түрлі алдау әдістерін пайдаланып, өтірік айтты.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Нұрболат Масанов:

- Қазақстанның ресми делегациясы Страсбургтегі отырысыта, республикада 3 мыңдай бұқаралық ақпарат құралдары бар, осы уақытқа дейін соның төртеуі жабылды, бұл мәселені талқылаудың қаншалықты қажеттілігі бар дегенді айтты.

Гүлмира Хамза:

Ресми делегацияның Республикалағы саяси партиялар тұралы заңға байланысты айтылған деректері күлкілі болды, дейді Нұрболат Масанов.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Нұрболат Масанов:

- Қазақстанның ресми делегациясы Қазақстанда сот пен жабылған саяси партия жоқ,бізге 7 партия құжаттарын берді, біз соларды тіркедік, Республикалық халық партиясы құжаттарын тапсырған жоқ, біз оларды білмейміз, дегенді айттты.

Гүлмира Хамза:

Барлық мәселеге айтылған жауап осыдай болды, деді оппозиция өкілі Нұрболат Масанов . Ал,ресми делегация мүшесі, мәжіліс депутаты Төлебек Қосмәмбетов басқа пікірде.

Қазақстан Парламентінің мәжіліс депутаты Төлебек Қосмәмбетов:

- Жаңадан қабылданған партиялыр туралы заңның талабы бойынша, партияның 50 мың мүшесі болу керек. Олар бұл заң неге осындай, деп сұрақ қойды.Мәселен, заң қабылданға дейін, 19 партия болса, соның 7-еуі қалды, қалғаны құқықтық мәселелерге жауап бере алмағандықтан, тіркеуден өтпей қалды. Осыны түсіндіріп айтқаннан кейін, олар біздің айтқанымызбен келісті.Оппозиция өкілдері қатысқанымен, біз барлығын дәлелдеп айтқаннан кейін,олар нәрсе айталмай қалды.

Гүлмира Хамза:

Оппозиция өкілдері өз кезегінде, бұл отырыста тек бақылаушы ретінде қатысқандықтарынан, сөз сөйлемегенін айтты. Олар мүндай мүмкіндікке Еуропарламенттің Қазақстан бойынша, қабылдаған резолюциясы жөнінде болатын отырысында ие болатынына сенеді.