Африканың шығысындағы Кения мемлекетіндегі Маунт атаулы тау қыратында болған әуе апатында АҚШ-тан келген 14 турист мерт болды.

НАЙРОБИ: Африканың шығысындағы Кения мемлекетіндегі Маунт атаулы тау қыратында болған әуе апатында АҚШ-тан келген 14 турист мерт болды. Жергілікті өкіметтің хабарлауынша, Оңтүстік Африка Республикасының бір жолаушы ұшағы Самбуру ұлттық паркіне ұшып келе жатқан кезінде апатқа ұшыраған. Апат болған жерден табылған құжаттарға қарағанда, қаза болған жолаушылардың барлығы да АҚШ азаматтары болып шыққан. Ал ұшқыштардың тағдыры беймәлім.