БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Тал-Афар қаласының түбінде күзетті атқылау кезінде екі АҚШ жауынгері қаза болып, тағы біреуі жараланды. АҚШ-тың әскери басшылығының хабарлауынша, жексенбі күні, сондай-ақ, Бағдад әуе жайының жанында болған жол апатының салдарынан тағы 1 АҚШ жауынгері мерт болып, екеуі жарақат алды. БҰҰ-ының хабарына сәйкес, Бағдадтан оңтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Хилла қаласының түбінде қайырымдылық автокеруеніне тұтқиылдан шабуыл жасалды. Мәшине жүргізуші ирандық азамат қаза болып, халықаралық қайырымдылық миссиясының өкілі жараланды. “Ассошэйтед пресс” агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Ирақтың солтүстігіндегі Ан-Наджаф қаласында 10 мыңға жуық шеиттер елден АҚШ әскерін шығаруда талап етіп, шеру өткізді. АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшылығының хабарлауынша, Ирақтың қатары 6,5 мыңнан тұратын азаматтық қорғаныс күштері құрылып жатыр. Олар АҚШ әскерімен бірге қалалардың тәртібін қорғайтын болады.