Бағдадттың солтүстігінде жасалған әскери шабуылдан бір американдық әскери өліп, біреуі жарақаттанды.

Әскери басқараманың хабарлауынша, әскери аутокеруен Балад пен Рамади кенттері арасында гранатаметтерден атқыланған.Бұл жерде Саддам Хусейн жақтастарының қарулы күштері бар. 1-і мамырда Иракта әскери әрекеттер тоқтатылады деп хабарланғаннан бері, Иракта қаза болған американдық әскерилердің саны ендігі 39-ға жетті. Ирактағы соғыс басталғаннан бастап АҚШ –тың 153 әскериі қаза болған. Ирактағы жағдай бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланады.