БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан мен оның Бағдадтағы өкілі Виейра ди Мелло Ирақтан шетелдік әскерді мейлінше ертерек шығаруға шақырады.

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан мен оның Бағдадтағы өкілі Виейра ди Мелло Ирақтан шетелдік әскерді мейлінше ертерек шығаруға шақырады. БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің сейсенбідегі отырысында сөйлегендерінде Кофи Аннан мен ди Мелло бірауыздан: Ирақ халқы елдегі саяси реформалар үрдісін өз қолына алуға тиісті деп мәлімдеді. Екеуі де Ирақтың таяуда ғана жасақталған Басқарушы кеңесіне қолдау білдіріп, елді қайта көтеру ісінде оған көмек беруге шақырды.