Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас бүгін Вашингтонға барады.

Онда ол американдық басшылықпен Таяу шығысты реттеу жөніндегі халықаралық жоспарды іске асыру жөнінде келіссөздер өткізеді. Алдағы жұма күні Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас АҚШ Президенті Джордж Бушпен кездеседі деп жопарлануда. Палестина премьер-министрі АҚШ-қа Иорданиядан аттанады. Иордания Махмуд Аббастың Израильден палестиндік тұтқындарды босатуды талап етуін және еврейлік ауылдардың құрылысын тоқтату туралы бағытын қолдайды.