Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас АҚШ басшылығымен Таяу Шығыстағы бейбіт жағдайды қалыптастыру мәселесін талқылау үшін Вашингтонға келді.

Махмуд Аббаспен бірге сондай-ақ, қауіпсіздік министрі Махаммад Дахлан және Палестина парламентінің төрағасы Ахмад Кореи бар. Махмуд Аббас израиль түрмелеріндегі палестиндік тұтқындардың босатылуын талап етіп отыр. “Азаттық” радиосы тілшісінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Израиль палестиндік топтар “Хамас” пен “Исламдық джихад” жауынгерлерін бостандыққа жіберуден бас тартты. Вашингтонда АҚШ-тың мемлекттік хатшысы Колин Пауэлл және Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом палестиндік билік басындағыларды терроризммен күресті қатайтуға шақырды. Сильван Шалом мен Колин Пауэлдің бұл кездесуі сәрсенбі күні Вашингтонда болды.