НЬЮ-ЙОРК: Адам құқықтарын қорғаушы “Шекараны мойындамайтын репортерлер” ұйымы адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясы жұмысына қатысу құқынан 1 жылға айырылды. Ондай шешім Кубаның талабы бойынша қабылданды. Ал Кубаның ондай талап қоюына - адам құқықтары жаппай бұзылатын Ливияны БҰҰ-ы Комиссиясының төрағасы етіп сайлауға “Шекараны мойындамайтын репортерлер” ұйымының қарсы шығуы себеп болды. Аталмыш ұйымның бейсенбі күні жария етілген мәлімдемесінде “адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ы Комиссиясының бұл шешімі – Комиссия жұмысының қаншалықты көз бояушылыққа айналғанын айқын көрсетеді” делінеді. “Шекараны мойындамайтын репортерлер” ұйымы – адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ы Комиссиясының кеңесші мүшесі болып табылады.