Сапар мақсаты- Солтүстік Кореяның ядролық қарулану бағдарламасына орай туындаған дағдарысты осы аймақтағы елдермен ақылдаса отырып шешуге ұмтылыстар жасау. Үстіміздегі жылдың көкек айынан бері Қытай елі Құрама Штаттары мен Солтүстік Корея арасында аталған тығырықты мәселені шешуге байланысты ара ағайындық рөл атқаруға тырысып келеді. Алайда, ол қадамдардан әзірге нақты нәтижелер шыға қойған жоқ-, дейді Ройтер ақпарат агенттігі. Осы сапары кезінде Болтон мырза Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Джаң Йесуимен кездеседі. Ал, содан кейін ол өз сапарын Оңтүстік Корея мен Жапонияға қарай жалғастырмақшы.
АҚШ тарапы бұл қиын түйінді мәселені көп жақты ақылдасулар арқылы шешуге тырысуда. Ал, ресми Пхенян болса тек ресми Вашингтонмен екі арадағы бетпе-бет, тікелей сөйлесулер арқылы шешуді талап етіп келеді.