Гүржістан күштері мен Абхаз бүлікшілдері тамыз айынан бастап, Кодор аңғарын жарылғыш миналардан тазалау шарасына кіріспек.

Ол жөніндегі келісімге алдағы аптада қол қойылмақ. Таулы Кодор аймағын екі тарап та миналап тастаған. . 1992 жылы Гүржістаннан тәуелсіздіктерін жариялағалы бері , гүржілер мен абхаздар арасында нәтижесіз соғыс жанжалдары жалғасып келеді. Ал, 1994жылдан бері, гүржілердің қалауымен, бұл елге орыс қосындары келіп жайғасқан. Өзара соғыс шайқастары салдарынан , Абхазиядан 50 мыңдай гүржі азаматы өз қоныстарын тастап, өзге аймақтарға босып кеткен.