Ереванда өткен жылдың соңында атып өлтірілген Арменияның қоғамдық теледидарының жетекшісі Тигран Нагдалянның өліміне байланысты сот процесі басталды.

Айыпталушылардың қатарында 13 адам бар. Қылмысты ұйымдастырған деп, 1999 жылы өлтірілген, Армения бас министрі болған Вазген Саркисянның бауыры кәсіпкер Армен Саркисян айыпталып отыр. Бұл елдегі оппозиция Армен Саркисянға қатысты істі билік қолдан жасап алған деп есептейді.