АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Болтон Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты талқылады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Болтон бүгін Пекинде Қытай сыртқы істер министрі Ли Чжаосинмен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты талқылады. Бұл кездесуден кейін Болтон мен Ли Чжаосин журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан, соған қарағанда келіссөздерде алға басушылық болмағанға ұқсайды. Кеше АҚШ мемлекеттің хатшысының орынбасары Джон Болтон бұл дағдарысты бейбіт реттеуде негізгі ролді БҰҰ алуы керек деп мәлімдеген. Джон Болтон бұдан соң бұл мәселені талқылау үшін Сеулге келді. Ол ақпарат құралдарына Қытайдың Пхеньянмен көпжақты келіссөздер өткізуді қолдап отырғанын ғана айтқан. Бұл келіссөздерге АҚШ пен Солтүстік Кореядан басқа Жапония, Оңтүстік Корея мен мүмкін Ресей де қатысатын болады. Ал, Солтүстік Корея тек АҚШ -пен ғана тікелей келіссөз өткізуді талап етіп отыр.