Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын қайта қолға алуына байланысты, Вашингтон мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынас күрделеніп кеткен. Солтүстік Корея АҚШ-ты ескерту соққысын беруге дайындалып жатыр деп айыптайды. Вашингтон болса бұл дағдарысты реттеуді дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеген.