Грузияда діни азшылықтарға шабуылдар көбейе түскен.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ
Грузиялықтар сырттан келгендерге өз елдері 100 ден аса ұлт пен ұлысқа мекен болып отырғандығы туралы хабарлауға әуес.
Елдің астанасы Тбилисиде шіркеулер де, мешіттер де, синагогалар да бір-бірімен қатар, жапсарлас орналасқан дейді олар. Қазірдің өзінде бұл қаланың ішкі аулаларында грузин, азери, армян, орыс, күрт тілдерімен қоса ағылшын тілі де естіле бастады. Бірақ бұл өзге тіл мен мәдинетке кеңдік таныту күн өткен сайын кеми түсуде.

Бұрындары Тбилиси космополит көптілді адамдарға толы болса қазір бұл барған сайын сиреп барады.

Шаломе Асатиани шетелде оқу тәмамдап келген социолог маман, ол Грузиядағы жағдайға былайша тоқталады:

- Қазіргі кезде қоғам сабыр сақтаудан қалған. Менің ойымша ұлт-азаттық деп аталатын кезеңге оралып жатқан секілдіміз. Советтік идеология тез ұлттық ерекшеленумен ауыстырылып, соның ішінде дінге және ұлттық салт-дәстүрге ерекше мәртебе беріліп, олар сыналмайтын үлгіге айналды. Бұл біршама көзі ашық Грузияда ұлттық, саяси немесе сексуалдық өзгеше ойлаудың бәрі де, екінші дәрежелі дүние ретінде қабылданады.

Кейбіреулердің айтуынша, қазір өркениеттер қақтығысы жүріп жатыр. Бірақ Грузия телеарнасының танымал жүргізушісі Гоги Гвақарияның айтуынша:

- Бұл орын алып жатқан жәйтта шіркеудің алар орны ерекше. Себебі шіркеудің сөздігінен сүйіспеншілік, қайрымдылық және түсіністік деген сөздер мүлде жоғалған. Енді негізгі назар Құдайдың заңы, тозақ және шайтан деген сөздер көбірек естіледі. Дін мен надандық жақын серіктеске айналды. Адамдар олар егер сенбесе немесе олар жергілікті дінбасымен хабарласпаса, онда олардың бала-шағасы бір пәлеге ұшырайды деп қорқады. Дінбасылар оларды қорқытып осылайша ойлауға мәжбүрлейді. Адамдардың шынайы сенімі, немесе діни ұстанымдары болмағандықтан олар шіркеуге қарсы арандатулар немесе Егованың куәлары шіркеуді қиратпақ деп естігенде бұған шынайы сенеді.

2002 жылдың 10 шілдесінде Тбилисидегі Азаттық институты мен үкіметтік емес Грузин адам құқтарын қорғау ұйымы- тікелей діни сабырлық танытуға шақыратын мекеменің кеңсесіне 10 кісі кіріп, ұйым басшысы Леван Рамишвилиді соққыға жығып, компьютерлер мен жихазды шағады. Рамишвилидің айтуынша:

- Соңғы үш төрт жылда бізге әртүрлі топтар ұйымдастырған 700-ден аса шабуыл жасалды. Ең көзге түсетіндері Басилистер. Кейбір жерлерде Ортодокс шіркеуінің дін басылары әртүрлі діни азшылықтарға қарсы әркеттерге барады. Егер сіз діни азшылықтар туралы айтар болсаңыз, негізінен Егова куәлары қудаланады. Бірақ олар ғана емес бұндай жағдай басқа да Баптистер, Евангелистер, Пентекосталстар кейде тіпті Католиктер мен Ортодокстардың кейбір топтарының басында да бар.

Грузияда діни қиыншылықтардың барын дәстүрлі шіркеу мойындағанымен, бірақ оған жауапкершілікті өз мойнына алмайды.

Давит Шарашинидзе әкейдің Азаттыққа айтуынша:

- Әрине, шіркеуді діни экстримизм деп айыптаушы адамдар бар, бірақ бұндай айыптаулар еш негізсіз және шындықтан ада. Грузия шіркеуінің 2 мың жылдық тарихы оның экстримистік еместігінің дәлелі бола алады.

Ал Басили Мкалавишвилиге келер болсақ, ол шіркеу санатынан шығарылған. Біз өзгеше ойлаушы адамдарға қарсы күш қолдануды теріс деп мәлімдедік. Тбилисидегі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы ИПМ-ның басшысы Гоча Тскитишвилидің айтуынша:

- Тбилисліктердің 12 пайызы Басили әкейдің әрекетін дұрыс деп санайды. 60 пайыз адам оның әрекеттерін қолдамағанымен, оның идеясы дұрыс деп санайды. Басқаша айтар болсақ Егова куәларына тосқауыл берілуі керек, бірақ оларды ұру қажет емес.

Бұндай жек көрушіліктің шығуына не себеп ? Тележүргізуші Гвақарияның ойы мынандай:

- Қазіргідей дағдарысты кезеңдерде адамдар құрбандыққа шалатын текені іздейді. Шыдамдылық грузиндердің дәстүрлі салты, бірақ өздерін- өздері сынауға жоқ. Құбыжықтың орнын шетелдіктер толтырып отыр. Сондай-ақ біздің Советтік менталитетіміз де кінәлі, бірақ шетелдік басқыншылық тым қарқынды жүріп жатыр. Жаңа идеялар, заттар тағы басқалардың таралуы Батыстан тек жуынды мен жағымсыз заттар келеді деген ұғым қалыптастырып отыр.

Тек қана діни азшылықтар ғана қыспаққа ұшырап отырған жоқ, Гвақарияның айтуынша, гомосексуалистер мен армяндар кемсітілуге ұшырайды. Парламент мүшелері бір- бірін жек көрсе, онда өз қарсыласын гомосексуалист, армян, Егова куәгері, масон деп ат қойып, айдар тағуға әуес. Бұндай ортада тұрып жатқан Грузияның ұлттық азшылықтары армяндар және әзірбайжандар өздерін барған сайын бұл мемілекетте қолайсыз сезінеді.