Польша бас министрі Лесзек Миллер Польша мен Украина арасындағы сауда-саттық байланысын кеңейтуге шақырып отыр.

Миллердің айтуынша, сауда байланысын нығайту екі ел арасындағы саяси қарым-қатынасқа да өзінің игі ықпалын тигізбек.

Польша бас министрі Орталық Азия елдерінен келетін мұнайды таситын теміржол дәлізін салу жөніндегі құжатқа да қол қоймақ.

Украина 2001жылы Қара теңіз бен батыс аймақтағы қала- Бродиді байланыстыратын 667 шақырымдық құбыр жолын салып қойған.

Бірақ ол құбыр жолымен Ресейдің немесе Орта Азияның мұнайын тасымалдаймыз ба деген мәселеде өзара келісім болмай тұрған сықылды.