Израиль, Түркия және АҚШ әскери теңіз күштері келесі айда Жерорта теңізінің Түркия жағалауында біріккен жаттығулар өткізбек.

Бұл әскери жаттығу кезінде жоғалған азаматтарды іздеп табу және оларды құтқару жолдары, тәсілдері машық етіледі.

Біріккен жаттығулар тамыздың 13-і күні басталады. Теңіздегі мұндай жаттығулар 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейінгі ол әскери дайындықтарға орай, Араб елдері мен Иран сындар айтқан.

Тамыз ойындарында, Түркиядан - екі фрегат, екі жаға күзету кемесі, екі тікұшақ және бір құтқару ұшағы , ал Израиль мен АҚШ-тан барлығы - 4 кеме, 5 тікұшақ және 2 құтқару ұшағы қатыспақ.