АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Болтон Солтүстік Кореяны соңғы жылдары ядролық қару жасауды күшейтіп отыр деп айыптады.

Бүгін Сеулде сөйлеген сөзінде Джон Болтон Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ирді ядролық кеудемсоқтықты қойып, ядролық бағдарлама төңірегіндегі дағдарысты реттеу жөніндегі көпжақты келіссөздерге қатысуға шақырды. Құрама Штаттар Пхеньян талап етіп отырғандай Солтүстік Кореямен тікелей келіссөз өткізуден бас тартып отыр.