АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік мекемесінің басшысы Том Ридж азаматтық ұшақтарды қорғау мақсатында әуе жол бағыттарына арнайы қызметтің қызметкерлері тартылғанын хабарлады. Кеше Вашингтон қолдарында бар мәліметтерге сүйеніп, Әл-қаида ұйымының халықаралық және ішкі әуе жолдарына террорлық шабуыл жасалуы мүмкін деп ескерткен болатын. Америка президенті Джордж Буш шынымен де бұл үлкен қауіп-қатер екенін атап өткен.