2003 жылдың алғашқы жеті айында Алматы қаласында 517 рет өрт болған

  • Досан БАЙМОЛДА
2003 жылдың алғашқы жеті айында Алматы қаласында 517 рет өрт болуы салдарынан 19 миллиард 947 миллион теңгенің шығыны келтірілген.
Бұл туралы шілденің 31 -і күні Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.

Өрттің негізгі шығу себептері технологиялық процестер мен пештерді, электр желілері мен қондырғыларды жөндеу және пайдалану ережелерін дұрыс сақтамаудың салдарынан болған.