Кнессеттің 53 депутаты қолдаған Заңға сәйкес, израильдік жұбайы бар палестиндіктер бірге израильден шет кетуі керек немесе жұбайынан бөлек тұруы керек. Сондай-ақ, бұл заң Израиль азаматына үйленген палестиндіктердің Израиль азаматтығын алу мүмкіндігін шектейді. Бұл заң 1 жылға дейін күшінде, қажет болған жағдайда ұзартылады. Құқық қорғау ұйымдары парламенттің бұл шешімін нәсілшілдік деп сынға алды. Ал, Үкімет бұл заң қауіпсіздікті сақтау үшін жасалған деп түсіндіреді.