АҚШ-тың федералды соты Екінші Дүнежүзілік соғыс барысында нацистік концлагерде күзетші болып істегені белгілі болған адамды Америка азаматтығынан айырды.

79 жасар Якив Палий 1949 жылы Америка визасын алу үшін анкета толтыру барысында жалған ақпарат берген. Палий соғыс кезінде Польшада әкесінің шаруашылығында істедім деп көрсеткен. Негізі ол соғыс барысында еврейлерге арналған концлагерде күзетші қызметін атқарған көрінеді.